Телефонға телмірудің бала миына әсері

Телефонға телмірудің бала миына әсері
Телефонға телмірудің бала миына әсері
Уазақ уақыт екранға қарау балалардың миының дамуына зиянын тигізеді.
Жалпы телефон, телевизор сияқты жарығы күшті екрандардың балалардың көзіне айтарлықтай зия екенін жұрттың бәрі біледі.
Кеше (04.11.2019) JAMA Pediatr. журналына шыққан мына бір мақалада Америкалық ғалымдар екранның зиянын басқа қырынан қарастырған екен. Олар 47 баланы 2 жыл бойы зерттеу арқылы ми құрылысының өзгерісін Магниттік Резонанстық Сканерлеуші апараттың өте сезімтал апаратымен (DTI) бақылағын.
Ғалымдар ұзақ уақыт екран алдында отыратын 3-5 жас аралығындағы балалардың миын сканерлеп осындай қорытындыға келіп отыр. Ғалымдардың зерттеуі бойынша уазақ уақыт екран алдында отыратын балалардың ми ақ затының (Brain White Matter) дамуы баяу болады екен.
Ми ақ затының дұрыс дамымауы балалардың ой өрісінің кем болуына, тамаққа тәбеті тартпау, іс-әрекетінің қалыпсыздығы, тілінің кеш шығуы, ұйқы қалыпсыздығы сияқты жағдайларға апарады екен.
Зерттеу нәтижелері жоғарыда аталған JAMA Pediatr. журналына жарияланған. JAMA Pediatr. журналы Америка Медисина Қоғамының журналы болып 12 импакт факторы бар Әлемдегі ең үлкен журналдардың қатарына жатады.
Мақаланың соңында бұл ғалымдар 18 айдан төмен балаларды мүлдем екранға (телефон, телевизор, компютер) жолатпаған дұрыс депті. 2-5 жас аралығындағы балаларға күніне 1 сағаттан артық көрмеу керек дейді.
Сонымен қатар тамақ ішіп отырғанда телефон қарамау, жатардан бір сағат бұрын баланы барлық екраннан аулақ ұстау, телевизор қажет емес кезде өшіріп қою, жатын бөлмеге телефон зарядтамау керек деген сияқты бір қанша ұсыныс айтыпты.
Бұл мақаланы Америкалық ғалымдар жазғандықтан екранды дұрыс пайдалану жөнінде әр ата-ана Америка Балалар Академиясынан кеңес алған дұрыс депті.
Осы Америка Балалар Академиясының екран және медиялар жөнінде арнаулы заңдары мен ұсыныстары бар екен. Және баланың жасына қарай қанша сағат телефон, телевизор қарау керек екеніне формула жасап қойған екен, көмек сұрасаңыз сол формулаға салып есептеп береді екен.